Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та футболдан клубтық әлем чемпионаты басталды

Фото: Rebecca Blackwell/Associated Press

АҚШ-та Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясының (ФИФА) ұйымдастыруымен клубтық әлем чемпионаты бастау алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл турнирге барлық құрлықтан үздік командалар қатысып, жанкүйерлерді алғашқы ойындармен қуантты.

Турнирдің ашылу матчында Лионель Месси өнер көрсететін "Интер Майами" мен Мысырдың "Аль-Ахли" клубы 0:0 есебімен тең түсті. Қос команда бірнеше мүмкіндіктерге ие болғанымен, есеп аша алмады.

Мюнхендік "Бавария" Жаңа Зеландияның "Окленд Сити" клубын 10:0 есебімен ойсырата жеңді. Неміс клубы сапынан Мусиала (хет-трик), Мюллер (дубль), Коман және Олизе гол соқты.

Париждің ПСЖ клубы да сәтті өнер көрсетіп, Мадридтің "Атлетико" клубын 4:0 есебімен жеңді. Франциялық ұжым шабуылда жоғары нәтиже көрсетті.

Ал "Палмейрас" пен "Порту" арасындағы кездесу голсыз тең нәтижемен аяқталды. "Ботафого" АҚШ-тың "Сиэтл Саундерс" клубын 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Айта кетейік, топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасады, содан кейін командалар плей-офф кезеңіне өтеді. Финалдық ойын 13 шілде күні жоспарланған.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 14:13
Талқылау