Құны 10 млрд теңгеден астам: Апокалипсис болған жағдайда қоныстануға болатын жер асты бункерлері салынбақ
Америкалық SAFE компаниясы Вирджиния штатындағы жаңа бункер салу жоспарын таныстырды. Жаһандық апат не апокалипсис болған жағдайда жер шарындағы ең бай 625 адам қоныстана алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Safe
Aerie деп аталатын жерасты бункері өз тұрғындарына жаһандық апат кезінде аман қалуға мүмкіндік береді. Жердің астында барлық мүмкіндік жасалған.

Фото: Safe
Ішіне инженерлер бассейн, боулинг, жартасқа өрмелеу алаңы, жасанды интеллектпен жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі және люкс бөлмелер салады.

Фото: Safe
Бункердегі бір бөлменің құны – 20 миллион доллар (10 миллиард 380 миллион теңге).

Фото: Safе
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі