АҚШ-та дәретханадан секіріп, шабуылдайтын егеуқұйрық саны көбейген

Фото: ЖИ
Вашингтон денсаулық сақтау департаменті тұрғындарды егеуқұйрықтардың шабуылдарының көбейгенін, егеуқұйрықтардың үйлерге кәріз арқылы кіріп, дәретханадан секіріп шығатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
The Guardian басылымының хабарлауынша, қатты су тасқынына байланысты егеуқұйрықтар саны артты.
Шенеуніктер бұл жануарлардың керемет жүзетіін және тынысын жақсы ұстай алатынын, бұл олардың үйлерге кәріз арқылы кіруін жеңілдететінін ескертеді.
Билік кеміргіш табылса, сабыр сақтауды, дәретханаға ыдыс жуғыш сұйықтық немесе кір жуғыш зат құюды (жақсы сырғанау үшін) және егеуқұйрықты сумен шайып тастауды ұсынады. Егер егеуқұйрық үлкен болса, дәретхана қақпағын жауып, зиянкестермен күрес қызметіне қоңырау шалу қажет.
Медицина қызметкерлері егеуқұйрық шағып алған жағдайда адамдарды дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады, себебі бұл жануарлар 100% өлім-жітім көрсеткішіне ие құтырма сияқты қауіпті ауруларды жұқтырады.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды
"Сахнада сақау, сауатсыз әншілер көп": Жеңіс Ысқақова әріптестерінің деңгейін сынады
Әндерінің мазмұны жұтаң, мағынасы жоқ