Денсаулық сақтау министрлігі мерекелік дастарханнан кейін жағымсыз жағдайға тап болмау үшін не істеу керек екенін айтты
Фото: sxodim.com
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан азаматтарына мерекелік дастарқаннан кейін өзін жайсыз сезінбеу үшін не істеу керек екенін айтып кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифинг кезінде вице-министрден корпоративтен кейін не істеу керек деген сұрақ қойылды.
"Әрине, тағам мен сусындарды шекті мөлшерде қабылдау қажет. Азық-түлік өнімдерін сатып аларда олардың сәйкес сертификаттары бар екеніне көз жеткізу маңызды. Барлық нәрседе мөлшер мен тепе-теңдік болуы керек", – деді Сұлтанғазиев.
Шенеунік осы қарапайым ережелерді сақтау мерекелік шаралардан кейін жағымсыз жағдайға тап болмай, денсаулықты сақтауға көмектесетінін айтты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады