АҚШ-та бюджет тапшылығы 665,7 млрд долларға жетті
Ағымдағы жылы АҚШ-та бюджет тапшылығы 665,7 млрд долларға жетті.
Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлайды.
2015 жылы аталған елде бюджет тапшылығы 438 млрд долларды құраған болатын. Елдің қаржы министрлігінің басшысы Стивен Мнучин мұны салықтың аз түсуімен байланыстырды.
Осы уақытқа дейін АҚШ сенатының 2018 қаржы жылының бюджетін бекіткені хабарланған еді. Осы бюджеттің арқасында АҚШ президенті Дональд Трамптың өзінің салық реформасын жүзеге асыруына мүмкіндік туғызбақ.
Жіберіп алмаңыз:
Небәрі 10 айлық сәбидің салмағы 9 жасар баланікімен бірдей
Америкалық әуе компаниясы алғаш рет тек әйелдерден құралған экипажбен ұшты
Түркияда 19 жастағы орыс қызын бір топ жігіт зорлап, видеоға түсірген
Талқылау