АҚШ-та ата-анасы 5 жасар қызын тұрмысқа беріп, өлер алдындағы арманын орындады
Қыздың анасы Кайла Паркер бұл қадамға қызының өлетінін білгендіктен келіскен.
Айықпас дертке шалдыққан 5-жасар қыз бен 6-жасар ұлдың ата-аналары балаларын үйлендірді. Кайла Паркер қызының жақын арада көз жұматынын білгенде оның қалауын орындауды ұйғарған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлаған.
Муковисцидоз бен созылмалы өкпе қабынуына шалдыққан кішкентай Мэри Мессейдің арманы тұрмыс құру болған. Мэри мен оның досы Дэмиен екі жастарынан бастап болашақта үйленетіндерін айтқан.
Ата-аналар Мэриге қалыңдық көйлегін ал күйеужігітке смокинг алып берген. Ал неке жүзіктерінде Микки және Минни Маус бейнеленген. “Неке қию рәсімін” аурухана палатасында өткізуге тура келді. Заманауи рәсімге сай, тәтті тортқа да тапсырыс беріліпті.
Арада алты сағат өткеннен кейін қыз бақилық болды.
Жіберіп алмаңыз:
Тайландта бойжеткен қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты (фото)
Қытайда туыстары қайтыс болған қыз бен жігіттің тойын жасады
Волгоградтық қайтыс болған күйеуін бірнеше ай үйінде шипалы сумен тірілтпек болған
Қалыңдықты қайтыс болған әкесінің жүрегі салынған ер адам шығарып салды (видео)