Тайландта бойжеткен қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты (фото)
Таиландтың Чаченгсау провинциясының тұрғыны Нан Типпфарат есімді ару қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты.

Ол өзінің Facebook парақшасында ерекше үйлену салтанатының фотосуреттерімен бөлісті.
Тайлық ару Фиат есімді сүйіктісіне оның жерлеу рәсімінде күйеуге шыққан. Ер адам аяқ астынан жүрек талмасынан көз жұмған екен. Ал Нан сүйіктісіне тұрмысқа шығып, шаңырақ көтеруді армандапты.

Жігіттің жерлеу рәсімі кезінде ол Фиат екеуінің ортақ арманын орындап, ерекше үйлену тойын жасады. Ол өзінің Facebook парақшасында «Бізді тіпті өлім де айыра алмады» деп жазған.



Жіберіп алмаңыз:
Қытайда туыстары қайтыс болған қыз бен жігіттің тойын жасады
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"