Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әкесімен ақшаға бәстескен балақай жабайы бұқаның үстінен секіріп өтпекші болды

АҚШ-та әкесі баласына егер бұқаның үстінен секіріп өте алатын болсаң 20 доллар сыйлаймын деп уәде береді.

66666666

Бұл туралы Daily Mirror хабарлайды.

Видеода баланың бұқаға асықпай жақындап барып, сосын арқасына артылғаны көрсетілген. Роликте “бұл қауіпті емес пе” деп айтқан қыздың да дауысы естіледі. Анасы онымен келіскенімен, баланы тоқтатуға талпынбаған.

Ал бала бұқаға міне салысымен, жануар орнынан ытқып тұрып балақайды лақтырады. Осыдан соң барып ғана отбасы мүшелері көмекке ұмтылған.

Кейін әкесі әлеуметтік желіде баласының жағдайы жақсы екенін және 20 долларды алғанын да айтыпты.

“Мен оны бұқаның қасына шын мәнінде жақындап бара алады деп ойламаппын. Бірақ, бара алғанның күннің өзінде оның бұқаның арқасынан аттап өтіп кете алмасы анық еді” деп жазады ол.

Оқи отырыңыз:

Эминем мен Рианнаның әнін шырқаған тотықұс желіде жұлдызға айналды (видео)

Ер  адам жаңалық көріп отырып әйелінің жезөкшелікпен айналысатынын біліп қалған

Америкалық әйел күйеуі мен үлкен қызының төсектес болып жүргенін кездейсоқ біліп қалды

Талқылау