Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та атыстан 50-ден астам адам мерт болып, 200 адам жараланды

Лас-Вегас қаласында атыстан 50 шақты адам көз жұмды. Одан бөлек 200-ден астам адам жарақат алды.

Полицейлер музыкалық фестиваль кезінде оқ жаудырған ер адамды атып өлтірді. 64 жастағы Стивен Пэддок есімді күдіктінің жалғыз әрекет еткені әлде сыбайластарының бар-жоғы әзірге айтылған жоқ. Ол қонақүйдің 32-қабатында тұрып оқ атқан.

Қаланың Денсаулық сақтау департаменті өкілінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында ауыр хәлде жатқандар көп.

Оқиға Mandalay Bay Casino маңында болды. Жарақат алғандар емханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілді.

Қазір күдіктімен бірге тұрған Мэрилу Дэнли есімді әйелден жауап алынып жатыр. Полицейлер бұл оқиғаны теракті деп атаған жоқ. Мәліметтерге сүйенсек, оқиғаның қандай да бір лаңкестік әрекетке қатысы жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Ажалдан аман қалған имам өзін пышақтаған қылмыскерге кешірім берді

Оқулықтағы «зың-зың-зың», «дың-дың-дың» сөзі бар ән мәтіні жұртты күлдіртті

Қазақ тілін жетік меңгерген жапон қызы Қазақстанға келіп қазақтың қолөнерін үйеніп жүр

Талқылау