АҚШ сенаты Илон Маск сынға алған Трамптың заң жобасын мақұлдады
Фото: Chip Somodevilla/Getty Images
АҚШ Сенаты Трамптың "Үлкен әдемі заң жобасы" деп аталатын федералдық шығындарды қысқарту туралы заң жобасын көпшілік дауыспен мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Республикашылдар басқаратын Сенат президент Дональд Трамптың бағдарламасына ішкі саясаттың ауқымды шаралар пакетін әзірледі.
Құжатты 51 адам қолдап, 49 адам қарсы дауыс берді.
"Үлкен әдемі заң жобасы" – Дональд Трамп 2025 жылы ұсынған ауқымды бюджет және салық заң жобасы. Ол сайлау алдындағы негізгі уәделерін жүзеге асыруға бағытталған. Онда бірқатар салаларда салықты азайту мен мемлекеттік шығындарды қарастырады. Құжат ел ішінде де, елдер арасында да резонанс тудырды.
Трамп Еуропалық Одаққа қарсы 50% баж салығын енгізбек
Трамп пен Маск арасындағы кикілжіңге осы заң жобасы себеп болды. Бір күн бұрын миллиардер оның соңғы нұсқасын сынап, бұл құжат АҚШ-тағы миллиондаған жұмыс орындарын жойып жіберуі мүмкін екенін айтты. Маск заң жобасы ұлттық қарызды бес триллион долларға көтереді деп есептейді.
Еске салсақ, Илон Маск Трамптың заң жобасын сынағаннан кейін отставкаға кеткен еді.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
