АҚШ Ресейлік мұнайға қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр
Ақүйде Джо Байденнің әкімшілігі Кремльге қысым жасау үшін Ресейден мұнай экспортына санкцияларды күшейту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Facebook.com/joebiden
Ресейге бағытталған шектеулердің егжей-тегжейі талқыланып, әзірленіп жатыр. Бұл санкциялар Ресей Федерациясынан мұнай экспортының бірнеше түріне әсер етуі мүмкін.
Байденнің әкімшілігі президенттік сайлау қарсаңында мұндай қадам жасауға тартынған еді. Өйткені энергия ресурстарының бағасы өседі деп қорықты. Дегенмен, мұнай бағасының төмендеуі және Трамп Украинаны Ресейге мойынсұнуға мәжбүрлейді деген қауіптің күшеюіне байланысты Байден әкімшілігі ашық әрекетке көшті.
Ақ үй көлеңкелі флотқа бағытталған жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Осылайша, ресейлік мұнайға шекті баға Мәскеуге әсер етпейді. Енді алдағы аптада жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ Еуропалық Одақ осындай шараларды қабылдауды жоспарлап отыр.
Ал АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен Қаржы министрлігінің өкілдері бұл жағдайға түсініктеме беруден бас тартты.
Бұған дейін Джо Байденнің екі қылмыстық іске қатысы бар ұлына кешірім бергені туралы жазған едік.