Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мен АҚШ-тың Украинадағы соғысты аяқтау жөніндегі алғашқы келіссөздері немен аяқталды

Ресей Федерациясы мен АҚШ ресми делегациясы Сауд Арабиясында кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату қадамдарын талқылау жоспарланды. Алайда келіссөздерге Киев те, еуропалықтар да қатысқан жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Evelyn Hockstein/REUTERS

АҚШ пен Ресей өкілдерінің көптен бергі алғашқы ресми кездесуі Сауд Арабиясында өтті. 18 ақпанда таңертең екі елдің делегациясы Эр-Риядта келіссөздер жүргізу үшін бас қосты, оның ішінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату мәселесі де талқыланды.

Оған Ресейден Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков және Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қатысты. АҚШ атынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Виткофф қатысты.



Келіссөздерге Украина мен Еуропа елдері қатыспады. Украина президенті Владимир Зеленский іс-шараны өткізу жоспары туралы хабарланбағанын және оған шақырылмағанын айтты. Ол Сауд Арабиядағы Украина өкілдерінің АҚШ пен Ресей делегацияларының кездесуіне қатыспайтынын растады.

"Украинасыз Украинаға қатысты кез келген келіссөз нәтижесіз деп санаймыз. Бізсіз біз туралы келісімдерді мойындай алмаймыз. Біз мұндай келісімдерді мойындамаймыз", – деді Зеленский.

Франция, Германия, Ұлыбритания, Польша, Италия, Испания және Дания басшылары Парижде төтенше саммитке жиналды. Кездесуде олар болашақта Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беруге дайын екенін білдірді.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен жарты сағаттай сөйлесіп, кейін Украина президенті Владимир Зеленскийге қоңырау шалды. Ресей президентімен әңгімеден кейін Трамп екі тарап шұғыл түрде келіссөз жүргізетінін айтты. Сөйтіп Америка мен ресейлік шенеуніктер Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерді бастау үшін Сауд Арабиясында кездесетін болып шешті.

Талқылау