Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Қытайға салынатын жаңа баж салығының мөлшерін жариялады

АҚШ билігі Қытайдан әкелінетін тауарларға енгізілген жаңа баж салығының жалпы мөлшері 145% екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: reuters.com

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға қарсы тарифті 125%-ға дейін арттыратынын мәлімдеген еді. Бұл шешімді ол Қытайдың әділетсіз сауда саясатына жауап ретінде қабылдағанын айтты.



Алайда Ақ үй бұл көрсеткішке Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқы апталарында қытайлық тауарларға енгізілген 20%-дық баж салығын қоспағанын атап өтті. Осылайша, АҚШ-тың Қытайға салған жаңа баж салығының жалпы мөлшері 145% болды. 

Еске салсақ, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Тізімде 34%-дық тарифпен Қытай да бар. 4 сәуірде Қытай АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде барлық АҚШ өнімдеріне 34%-дық тариф енгізетінін жариялады. Трамп Қытайдың бұл әрекетіне жауап ретінде қытайлық тауарларға 104%-дық баж салығын енгізді. Артынша Қытай да АҚШ тауарларына салынатын баж салығын 84%-ға дейін көтерген еді. 

Талқылау