АҚШ иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатады: Тізімде Қазақстан бар
Фото: pixabay.com
АҚШ Мемлекеттік департаменті 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап бірқатар ел азаматтарына иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатады. Тізімге Қазақстан да кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Трамп иммигранттар қаржылай өздігінен өмір сүре білуге тиіс және америкалықтарға экономикалық ауыртпалық тудырмауы керек екенін анық айтты.
АҚШ Мемлекеттік департаменті барлық саясаттар, нормативтік актілер мен ұсынымдарды толық қарап шықты. Ведомство жоғары тәуекелді елдерден келген иммигранттар АҚШ-та әлеуметтік көмек қолданбайтынына және қоғамдық жүктемеге айналмайтынына көз жеткізіп жатыр.
2026 жылғы 21 қаңтардан бастап Мемлекеттік департамент келесі елдердің азаматтарына иммиграциялық визаларды беруді уақытша тоқтатады:
Ауғанстан, Албания, Алжир, Антигуа және Барбуда, Армения, Әзірбайжан, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Беларусь, Белиз, Бутан, Босния және Герцеговина, Бразилия, Мьянма (Бирма), Камбоджа, Камерун, Кабо-Верде, Колумбия, Кот-д’Ивуар, Куба, Конго Демократиялық Республикасы, Доминика, Египет, Эритрея, Эфиопия, Фиджи, Гамбия, Грузия, Гана, Гренада, Гватемала, Гвинея, Гаити, Иран, Ирак, Ямайка, Иордания, Қазақстан, Косово, Кувейт, Қырғызстан, Лаос, Ливан, Либерия, Ливия, Молдова, Моңғолия, Черногория, Марокко, Непал, Никарагуа, Нигерия, Солтүстік Македония, Пәкістан, Конго Республикасы, Ресей, Руанда, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сенегал, Сьерра-Леоне, Сомали, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия, Танзания, Таиланд, Того, Тунис, Уганда, Уругвай, Өзбекстан және Йемен.
Аталған елдердің азаматтары иммиграциялық визаға өтініш бере алады және сұхбатқа қатыса алады. Бірақ бұл уақытша тоқтату кезеңінде оларға виза берілмейді.
- Шенген визасының ережесі өзгерді: Қазақстандықтарды не күтіп тұр
- Қазақстандықтар үшін АҚШ визасын алу құны қымбаттайды
Екі азаматтығы бар адамдар, егер өтініш қазіргі паспорты бойынша жоғарыда аталған елдердің біріне жатпаса, бұл ережеден босатылады. Бұл ұсынымдар аясында бұрын берілген иммиграциялық визалар күшін жоғалтқан жоқ. АҚШ-қа кіру мәселелері бойынша DHS-ке жүгіну керек.
Бұл уақытша тоқтату тек иммиграциялық визаларға қатысты. Ал туристік визалар (иммиграциялық емес визалар) оған кірмейді.
Еске салсақ, АҚШ 75 елдің азаматтарына виза беруді тоқтататыны туралы хабарлаған едік.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты