АҚШ федералды үкіметі ішінара жұмысын тоқтатты
Фото: Anadolu via/Getty Images
АҚШ федералдық үкіметі сәрсенбіге қараған түні қаржы тапшылығына байланысты ішінара жұмысын тоқтатты. Сенаты федералдық шығындарды қаржыландыруға қатысты екі заң жобасының бірде-бірін қабылдай алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ заң шығарушы органының жоғарғы палатасы сейсенбі кешінде шатдаунның алдын алуға бағытталған партиялар ұсынған екі заң жобасын да қабылдамай тастады. Республиканшылар әзірлеген және Өкілдер палатасы мақұлдаған заң жобасын Сенаттың 55 мүшесі қолдап, 45-і қарсы дауыс берді. Демократтар енгізген заң жобасын 47 сенатор қолдап, 53-і қарсы шықты. Конгрестің жоғарғы палатасында заң жобасын қабылдау үшін кемінде 60 дауыс қажет.
Нәтижесінде сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен түн жарымынан бастап АҚШ-тағы федералдық мекемелердің бір бөлігі жұмысын тоқтатты. Жүздеген мың мемлекеттік қызметкер қанша уақытқа созылатыны белгісіз ақысыз демалысқа жіберілді. Бұл – шатдаун, яғни жабылу немесе тоқтау.
Ақ үйдің Басқару және бюджет бюросы сейсенбі кешінде арнайы меморандум жариялап, шатдаунның басталғанын растады және оған демократтарды кінәлады.
“Тиісті ведомстволар енді өздерінің ұйымдастырылған шатдаун жоспарларын іске қосуы тиіс”, – делінген құжатта.
Басқару және бюджет бюросы демократтардың бұл әлсіз ұстанымда қанша уақыт қалатыны белгісіз, сондықтан шатдаунның қанша уақытқа созылатынын болжау қиын екенін мәлімдеді.
Ақ үйдің Әкімшілік-бюджеттік басқармасы бұған дейін америкалық ведомстволарға уақытша қаржыландыру тоқтатылған жағдайда іске асырылатын жоспарларды орындауды тапсырған еді. Басқарма атап өткендей, салалық мемлекеттік қызметкерлер сәрсенбі күні жұмысқа келіп, шатдаунға байланысты “ұйымдасқан түрде шаралар қабылдауы” тиіс.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
