Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр – Америкалық журналист

Фото: reuters.com

Танымал америкалық журналист Такер Карлсон АҚШ-тың дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистің пікірінше, Трамп АҚШ-тың 2027 жылға арналған қорғаныс бюджетін 1,5 триллион долларға дейін ұлғайту туралы мәлімдемесі елдің дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді.

“Мұндай көлемдегі бюджет дүниежүзілік немесе аймақтық соғысқа дайындалып жатқан елге тән. Айқын көрініп тұрғандай, біз осы бағытта – дүниежүзілік соғысқа қарай бет алып барамыз”, – деді Такер өзінің авторлық бағдарламасында.


Данияның премьер-министрі Трампты Гренландияға қатысты қоқан-лоқыларын тоқтатуға шақырды

"Қолыма қару алуға дайынмын": Колумбия президенті Трамптың қоқан-лоқыларынан кейін халқынан көмек сұрады


Журналистің айтуынша, көпшілік мұндай жағдай орын алмайды деп үміттенсе де, оқиғалар дәл осы бағытта өрбіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп АҚШ-тың 2027 жылға арналған әскери бюджеті бұрын талқыланған 1 триллион доллардың орнына 1,5 триллион доллар болуы тиіс екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, қорғаныс шығындарының ұлғаюы АҚШ-қа жаңа деңгейдегі қарулы күштерді құруға және кез келген қатерден қорғануға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп АҚШ-тың 66 халықаралық ұйымнан шығуы туралы меморандумға қол қойған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 08 Қаңтар, 2026 22:11