АҚШ билігі Лос-Анджелеске 700 теңіз жаяу әскері мен Ұлттық гвардияның тағы 2 000 әскерін жіберді
Фото: foxnews.com
АҚШ билігі иммиграциялық рейдтен кейін басталған қақтығысты басуға Ұлттық гвардия күштерін толықтыру үшін Лос-Анджелеске шамамен 700 теңіз жаяу әскерін жіберетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейін қалаға Ұлттық гвардияның тағы 2 мың әскері жіберілетіні хабарланды. Калифорния билігі Ұлттық гвардияны жіберу туралы шешімді заңсыз деп атап, Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді.
Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігі теңіз жаяу әскерін жіберу туралы шешім "федералдық қызметкерлер мен ғимараттарға қауіп төнген" соң қабылданды. Оның айтуынша, әскери қызметкерлер қалаға жақын маңдағы Теңіз жаяу әскерінің Кэмп-Пендлтон базалық лагерінен жіберілген.
Әскери қолбасшылық мәлімдемесінде теңіз жаяу әскерлері "Үлкен Лос-Анджелес аймағындағы федералды қызметкерлер мен федералды меншікті қорғайтын" күштермен "біріктірілмейтіні" айтылған. Әскерилер Ұлттық гвардияның 2 100 әскері мен 700 теңіз жаяу әскерін қамтитын 51-жұмыс тобының "эскалацияны азайту, топты бақылау және соғысу ережелері" бойынша арнайы дайындықтан өткенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Лос-Анджелесте көші-қон саясатына қарсы наразылықтар болған еді. Президент Дональд Трамп наразылықты басу үшін 2 000 Ұлттық гвардия сарбазын жіберген. Трамптың баспасөз хатшысы бұл әрекетті "заңсыздықты тоқтату" деп түсіндірген. Ал Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом федералды билік жағдайды әдейі ушықтырып отыр деп айыптаған.

Алматы облысында жасөспірімдер неге зорлықпен қаза табуда: Жаға ұстатқан оқиғалар хроникасы
