Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ әскері атып түсірген қытай шарлары туралы Ақ үй мәлімдеме жасады

Америка мен Канадада көрінген әуедегі шарлар тыңшылық қызмет атқармаған болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың АҚ үйі мәлім етті деп хабарлайды Stan.kz.

шар

BBC мәліметінше, 14 ақпанда баспасөз мәслихатында сөйлеген Ақ үй өкілі Джон Кирби "нысандар коммерциялық немесе зерттеу ұйымдарымен байланысты болуы мүмкін және оның еш зияны жоқ" деді.

"Біз бұл үш нысанның Қытай Халық Республикасының тыңшылық бағдарламасының бөлігі болғанын немесе олардың шетелдік барлау жұмыстарына қатысы бар екенін көрсететін ешқандай белгіні байқай қоймадық", – деген еді Джон Кирби.

Өз кезегінде Қытай тарапы Пентагон көрген әуе шарлары азаматтық шарлар екенін және "бағытын жоғалтқанын" бірнеше рет мәлімдеген еді.

Қытай оларды атып түсірген АҚШ әскерилерінің әрекетін “артық” деп бағалады.

Еске салайық, АҚШ аспанында әуе шарлары алғаш рет 2 ақпанда әскерилер көзіне түсті. Кейінірек Латын Америкасы мен Канада да анықталмаған нысандар туралы хабарлады. Пентагонның мәліметінше, шарлар Қытайға тиесілі және тыңшылық қызметін атқарған.

Талқылау