Ақпан соңында бензин қаншалықты қымбаттайды – Мамандар болжады
Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын реттеуді алып тастағалы баға айтарлықтай өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дизель мен отын бағасының мемлекеттік реттеуде болмауына қол қойып, бұйрық 30 қаңтарда күшіне енді.
Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығының мәліметінше, 1 ақпанда реттеу жойылғаннан кейін жанар-жағармайды көтерме жеткізушілер бағаны өсірген. Бұл айдың соңында жанармайдың бөлшек саудадағы бағасынан көрінеді дейді.
"Ресурс иелері, соның ішінде жанар-жағармай нарығын 80% бақылайтын "KC Energy Group" пен "ҚазМұнайГаз" 1 ақпаннан бастап көтерме бағаны көтерді. Осылайша, бөлшек саудагерлер қазір ақпандағы жанар-жағармай көлемін жоғарылатылған бағамен сатып алып жатыр. Осылайша, дизельдік отын мен АИ-92 маркалы бензин орташа есеппен бір литр үшін – 4 теңге. Сәйкесінше литріне 4 теңге өседі", – деп түсіндірді қауымдастық.
Қауымдастық қосылған 4 теңгенің 80%-ы немесе 3 теңгесі акциз түрінде мемлекеттік бюджетке алынады дейді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда енді бензин мен дизель отынының бағасы мемлекет тарапынан реттелмейтіні айтылды. Содан кейін "ҚазМұнайГаз" бензин мен дизель отынының бағасын көтергені туралы жазған едік.