Ақпан айының басында Жерде магниттік дауыл жүреді
Мамандардың болжамы бойынша ақпан айында Жерде орташа қарқындылықтағы магниттік дауылдар өтеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар 2023 жылдың басынан бастап күн белсенділігінің өсуін байқаған. Қаңтар айының алғашқы 10 күнінде магнитті дауылдың ең жоғары Х класының үш ошағы болады деп болжануда.
Магниттік дауыл 1 ақпан күні – 4 баллдық күшпен, 2 ақпанда – 3 балл, 7-10 ақпанда ең жоғарғы баллда, 8-9 ақпан – 3-4 балл, 23 ақпанда – 4 баллдық күшпен болады.
Бұл кезеңде адамдарға дауыл қарсаңында шамадан тыс жұмыс жасамауға, кем дегенде бір сағат таза ауада серуендеуге, алкоголь, темекі және майлы тағамдардан бас тартуға кеңес беріледі. Сонымен қатар жайлы ұйықтап, жаттығулар жасау маңызды. Созылмалы ауруларға арналған дәрі-дәрмектерді жинақтап, шөпті шайлар ішіп, стресстен аулақ болған жөн.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"