Ақмолада кішкентай бала үшінші қабаттың терезесінен шығып, жақтауына отырып алған (видео)

Ақмола облысының Қосшы қаласында кішкентай бала тұрғын үйдің үшінші қабатындағы ашық терезенің жақтауына шығып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлер дереу жедел қызметтерді шақырған. Оқиға орнына келген құтқарушылар мен полиция қызметкерлері баланы пәтерге қайта кіргізіп үлгерген.
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен
Петропавлда терезе жуып жүріп, төртінші қабаттан құлап кеткен әйел аман қалды
Полиция департаментінің мәліметінше, баланың жағдайы жақсы. Ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе жазғы уақытта терезелерге мұқият болу қажеттігі ескертілген.
Еске салсақ, бұған дейін үш ата-ана балалары терезеден құлап кеткені үшін 11 мың теңге айыппұл төлегені туралы жазған едік.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті