Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин Алматының Түрксіб ауданына әкім болып тағайындалды.

509570b6c38d7cb928696633a95

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа әкімді таныстырды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Павел Кулагин тағайындалды.

Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2010- 2016 жылдары Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Сарыарқа және Алматы аудандарының әкімі, Астана қаласы коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарында болған.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. Алматы әкімі ауданның жаңа басшысының алдына принципті және жүйелі әдісті талап ететін бірқатар міндеттерді қойды. Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде Түрксіб ауданында 508 ескі үй бар. Бұл қаладағы барлық ескі үйлердің 50%-ын құрайды. Биыл инвесторлармен бірігіп, «Алтай-2» ықшам ауданында «Ескі үй» бағдарламасын қолға алып, 2 500 пәтерлі 40 жаңа үйдің құрылысын бастау қажет. Ауданның жаңа әкімі Глазунов көшесі бойында салынуы тиіс 2062 пәтерлі 48 көпқабатты үйдің құрылысына қатысты мәселені қосымша шешуі қажет.

Тағы да оқыңыз:

Араб әмірлігінен келген туристер: Ыстықкөлге түсу – харам

Қытайда ғаламторға тәуелді балаларды қалай емдейді

Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)

Талқылау