Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі пәтер кезегін мұқтаж жандарға берген әжей туралы айтты

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Атбасар ауданындағы көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған шаралардың жоспарымен бөлісті.

 

Мәлік Мырзалин екі күн бұрын Атбасарға іс-сапармен барғанын айта кетті. Оның айтуынша осы мәселе бойынша жетекшілік ететін орынбасары жетісіне бір рет ауданға барып тұрады, деп xабарлайды Baq.kz.

«Қыста өзен қатқан кезде де жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл кезде теxника жеңіл жұмыс істейді. Көктемге дейін жалғастырамыз», – деді өңір басшысы.

Оның айтуынша су тасқынын болдырмау мақсатында бөгеттер салу мәселесі қаралып жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті өнеркәсіптік бөгеттер салудың қажеттілігі туралы қорытынды шығарғанын атап өтті.

«Мұны шешудің бұдан да өзге тиімді және арзан жолдарын ойластырдық. Су тасқынынан зардап шеккендерге 11 тұрғын үйді беру жоспарда бар. Сонда да 300 адам су деңгейі жоғары жерлерде қала беруді жөн көріп отыр: Атбасарда 200 адам және 12 елдімекенде 100 адам. Бұл адамдар үшін (бөгет салудан гөрі – автор) су деңгейі төмен жерлерге тұрғын үй салып беру арзанырақ болар еді», – деді Мәлік Мырзалин.

«Қызық оқиғамен бөлісейін. Бір әжей маған келіп: «Мәлік Кеңесбайұлы, мен жалғыз тұрамын, шыдаймын. Балалары, сырқат жандар, қарттары бар отбасылар көп. Мені екінші кезекке ауыстырыңызшы, күтуге дайынмын» – деді. Бізде мұндай мейірбан адамдар бар», – деді облыс әкімі.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қайыр сұрап жүрген әжей: Қайтем енді, азын-аулақ тиын жинасам көмір алам

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Ет 100 теңге, жұмыртқа 5 теңге: Қазақстанда 1995 жылы азық-түлік бағасы қандай болды

Талқылау