Ақмола облысында полицейлер көпқабатты үйдің төбесінен секірмекші болған ер адамды құтқарып қалды
Ақмола облысында полиция қызметкерлері көп қабатты ғимараттың төбесінен секіруге ниеттенген ер адамды райынан қайтарды. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабаарлайды.
25 наурызда қала тұрғыны Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасына қоңырау шалған. Әйел белгісіз ер адамның Құдайбердиев көшесінің бойындағы 35 үйдің төбесінде отырғанын хабарлаған. Өзіне қол жұмсамақшы болған азамат «Мәдина, мен өзімді биіктіктен тастап жіберемін» деп айқайлаған екен.
Полиция қызметкерлері аталған мекен-жайға барған. Олар өзін өлтірмекші болған ер адамның 2013 жылы ұрлық үшін сотталған азамат екенін анықтады. Полиция қызметкерлерімен болған әңгімеден кейін, суицид жасауға әрекеттенген адам өз ойынан бас тартты. Ол жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырып, содан кейін Алексеевский психиатриялық ауруханасына жіберілді.
Жіберіп алмаңыз:
Ақмола облысында ер адам жоғары қуатты тоқ бағанасына шығып, сүйіктісіне көңіл білдірді (видео)
Астана тұрғындары сатушының таразыдан қалай жейтінін әшкере қылды (видео)
ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Бала мен ана Абай ауылына барды