Әкесінің ізімен полиция қызметіне барған ер адам тәртіп бұзушыны қуу кезінде қаза болды
Полиция сержанты ауылда жылдамдық режимін бұзған автокөліктің ізіне түскен.
Ақмола облысында полиция сержанты тас жолда құқық бұзушыны қуамын деп қаза тапты деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 желтоқсан күні кешке Екатеринбург-Алматы тас жолының 1301-ші километрінде Аршалы ауданында болған.
“Полиция сержанты Айтамағанбетов Екатеринбург-Алматы жолындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік міндеттілігін орындау кезінде, Жібек жолы ауылында жылдамдық режимін арттырған құқық бұзушының Hyundai Elantra көлігінің соңынан қуып, тойтарушы тірекке соғылған. Инспектор жол апаты нәтижесінде көз жұмды. Полиция сержанты Айтмағанбетов Рүстем Серікұлы 1992 жылы 14 наурызда дүниеге келген, ішкі істер органдарына 2014 жылы қарашадан бастап қызмет еткен.
Қаза тапқан сержант полиция қызметіне әкесінің жолын қуып келген. Әкесі 25 жыл жол-патруль полициясы қызметінде болып, жақында зейнетке шыққан.
Оқиға Астана-Қарағанды жол бойында 26 желтоқсан күні болды.
Сержант Айтмағамбетов жылдамдығын асырған Hyundai Elantra көлігін қуып, тойтарушы тірекке соғылды. Оның серіктесі аман.
«Рүстем полиция қызметіне әкесі Айтмағамбетов Серік Армиянұлының ізімен келді. Әкесі 1991 жылы жол-патрульдік қызмет инспекторы қызметімен бастап, осы жылдың шілде айында зейнетке шықты», – деді ІІД-де.
Ардагерлер кеңесі мен жетекшілігі Айтмағанбетов Серік Армянұлы мен жақындарына көңіл айтады. Марқұммен қоштасу күні 29 желтоқсан күні Қарағанды қаласындағы №1 мешітінде өтеді.
Жіберіп алмаңыз:
Көкшетауда полиция қызметкері із-түссіз жоғалып кетті
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ тиіп ауруханаға түсті
Қазақстанда ата-анасы баласын аязда көшеге тастап, соңынан өртеп жіберген
Ақтауда кездейсоқ жүргіншілер алапат өрттен екі баланы құтқарып қалды