Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мектеп мұғалімі жиһадқа шақырып үндеу тастаған

Ақмола облысында ауыл мектебінде математика пәнінен беретін мұғалім терроризмді насихаттағаны үшін сотталды.

13-16-23-40-790_b

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Сандықтау ауданының 33 жастағы тұрғыны өзінің желідегі парақшасында кәпірлерге қарсы соғыс тәсілдері туралы және қарулы жиһад туралы жазған.

Материалдар діни араздықты қоздырып, террорлық әрекеттерді насихаттаған және ДАИШ ұйымының әрекетіне сай келіп, Сириядағы қанды соғысқа шақырған. Сот отырысы кезінде айыпталушы өзіне тағылған айыптармен келісті. Сандықтау аудандық сотының үкімімен айыпталушы Б. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

STAN.KZ
Жұма, 23 Желтоқсан, 2016 09:22