Ақмола облысында ерлі-зайыптылар жолда қалып көлік ішінде үсіп өлді
Ақмола облысында ерлі-зайыптылар автожолда үсіп өлген, тексеру жүргізіліп жатыр деп хабарлады ішкі істер департаменті.

Фото: Владимир Вяткин
Ведомство мәліметінше, жұма күні 31 наурызда Атбасар АІІБ-на кезекші өрт сөндіру бөлімінен хабарлама келіп түскен. Пригородное аулына жақын маңдағы автожолда көлік табылды. Оның ішінде ер адам мен әйел адамның жансыз денелері жатқан. Кейінірек анықталғандай, көліктің ішінде 1966 жылы туған ер адам мен оның 1968 жылы туған әйелі болыпты.
Бастапқы қорытынды бойынша, ерлі-зайыптылар үсіктен қайтыс болған. Полиция атап өткендей, табылған мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жіберіп алмаңыз:
БҚО-да қаза болған марқұмның туыстары: Депутат өз кінәсін мойындады
Абай болыңыздар: Алматыда бойжеткен зорлаушыдан қашып құтылды
Астанада арнайы жасақ қызметкері бөлімшеде асылып қалған күйінде табылды
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"