Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай болыңыздар: Алматыда бойжеткен зорлаушыдан қашып құтылды

Ер адам өзін зорламақ болған адамнан құтылып шыққан бойжеткен жайлы айтып берді. Оқиға Алматыда болды.

6Tp7DBwg-580

«Көлігіммен аулаға кіргелі жатқанмын. Бір кезде жарықтан адам сұлбасын байқап қалдық. Бастапқыда мас адам ба деп ойладық. Кейін Жания оның жағдайын біліп келуімді сұрады. Сөйтсем, үсті-басы балшыққа лайланған әлдебір бойжеткен тұр. Оның құрбысының үйіне бара жатқан беті екен. Сөмкесіндегі құжаттары мен ақшасын жоғалтып алған. Көшегі көліктердің ешбірі тоқтамаған көрінеді. Білгісіз біреу қараңғыда оған тап беріп зорламақ болыпты. Бойжеткен әрең дегенде амалын тауып сытылып шыққан. Оны үйге ертіп келіп, таза киім беріп, тамақтандырдық. Полицияға хабарлаудан бас тартты. Кейін үйіне апарып тастадық».

«Мұндай жағдаймен ешқашан бетпе-бет келіп көрмеппін. Бойжеткен соншалық ашулы күйде болды. Осындай да адамдықтан жұрдай жандар болады екен ғой. Жақындарыңызды қорғап жүріңіздер», – деп жазады Нұркен Халықберген есімді желі қолданушысы парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да қаза болған марқұмның туыстары: Депутат өз кінәсін мойындады

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Қызылордалық 14 жастағы шабандоз тапсырыспен ақшаға атпен шабады

Талқылау