Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық 14 жастағы шабандоз тапсырыспен ақшаға атпен шабады

Қызылордада қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында 14 жастағы Сайлаубек Батырбай есімді шабандоз бала бар. Бәйгеге сәйгүлік қосар алдында атбегілердің өздері іздеп келіп, оған «менің атыммен шап» деп таласады.

скачанные файлы

Себебі, шебер шабандоз қай атқа мінсе де, жүлдесіз қайтпайды. Сайлаубек бір маусымда жиырмадан астам жүлде алады, деп хабарлайды Baq.kz.

Атбегілердің айтуынша, аттың бəйгеде бірінші болып келуі 50 пайыз шабандозға тікелей байланысты. Сондықтан, жылқы жарататын жандар сәйгүлікпен «сөйлесе» алатын шабандоз Сайлаубек Батырбайды іздейді.

«Бәйге маусымында өтініш айтушылар көбейеді. Тұлпар жүйрік болғанымен, оның озып шығатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Содан ғой, аттың қыр-сырын таниды деп бәйгеге ат қосатын қазақтардың маған келетіні. Мысалы, бір тойда ат жарыс болса, сондағы тай жарысқа да, тоқ бәйгеге де, құнан жарысқа да, аламан бәйгеге қатысып шығамын. Бір аттан түсіп, екіншісіне мініп, шаба беремін», – дейді шабандоз.

Сайлаубекті әкесі екі жасынан атқа отырғызып, тақымы тастай, білегі құрыштай, жігері қылыш шабандоз етіп тәрбиелепті.

«Өзім көкпар аттарын баптаймын. Балам Сайлаубек көкпарға да, ат бәйгесіне де шабады. Бәйгеге шабуға өтініш айтқандар болса, менен рұқсат сұрайды. Кішкентайынан тайдың тұяғынан таяқ жеп өскен бала ғой, онысына қарсы болмаймын. Қимылы шапшаң, ат ерттеуді де өте жақсы біледі. Әсіресе, аламан бәйгелерге ерекше дайындалады», – дейді Ғалымбек Қожалиев.

Суыртпақтап «ставкасы» жайлы сұрап көріп едік, Сайлаубек атпен бір шауып келгені үшін 10 мың теңге алатынын айтты. Егер топ жарса, жүлденің 10 пайызын да алады екен.

Қазіргі күні Сайлаубек мамыр айындағы мерекелерде өтетін ат жарыстарға қызу дайындық жасауда.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада арнайы жасақ қызметкері бөлімшеде асылып қалған күйінде табылды

Желі қолданушылары боксшы Назым Қызайбайдың биіне сүйсінуде (видео)

Елімізде айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған

Талқылау