Ақмола облысында дәрігерлер шала жетіліп туған нәрестенің өмірін сақтап қалды
Ақмола балалар ауруханасының дәрігерлері ішек-қарын жолындағы кемістігімен дүниеге келген сәбиге ота жасады, бүгін нәресте үйіне шығарылады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Нәресте 6 сәуір күні Степногорск ауданындағы орталық ауруханада уақытына жетпей, ішек-қарын жолдарының кемістігімен туған. Тексеру барысында сәбидің ағзасында жұқпалы аурудың тұтас жайылып кеткендігі, жатыр ішіндегі инфекция және тыныс алу жолдарындағы ауытқушылықтары анықталған.
Сол күні-ақ Степногорскіге Ақмола балалар ауруханасының неонотальдық хирургі Ернар Қожабеков пен реаниматолог дәрігері Елена Иванова жеткізілді. Нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін жедел ота жасау керек болды. Күрделі ота сәтті аяқталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Тағы да оқыңыз:
Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі
Шымкент емханасында бейтаныс ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр
Сарып (бруцеллез) ауруы дер кезінде емделмесе, мүгедек ететін дерт