Ақмола облысында алты жасар бала су тұндырғыш құдыққа батып көз жұмды
Ақмола облысында қараусыз қалған алты жасар бала ауыл жанындағы тұндырғыш құдықтан өлі күйінде табылған.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Оқиға, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылында 3 сәуір күні болыпты. Нөлінші сыныпта оқитын бала ойнауға шығып кетіп жоғалған. Бір жарым сағаттан соң ата-анасы мен көршілері баланы іздей бастайды.
“Баланың ата-анасы тұратын көше бойындағы адам қоныстанбаған үйдің септигінен баланың өлі денесі мен резеңке доп табылды”, – деп хабарлады дерек көзі.
Суға толған құдықтың тереңдігі екі метрдей болған. Қақпағы ашық күйінде қалыпты.
“Бала доппен ойнап жүріп, құдыққа құлап кетіп, суға батқан”, – дейді мамандар. Қазір баланың денесін Астанада мамандар сараптамадан өткізіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында жүргізуші жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді қағып кетті
Қарағандыда көлік қар суына батып, үш адам қаза тапты
Ақтөбелік әйелін 41 жерінен пышақтап, денесін дәретханаға тығып қойған
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды