Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйелін 41 жерінен пышақтап, денесін дәретханаға тығып қойған

Ақтөбе облысы Мартук ауылының 40 жастағы тұрғыны 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

0ждо

Бұл туралы «Диапазон» басылымы хабарлайды.

Денис Кураш ағасының жерлеуінен кейін әйелімен ұрысып қалған. Әйел сол сәтте күйеуіне оны туысқандарының сыйламайтындығын айтып, жерлеу рәсіміне ешкімнің келмегенін бетіне басқан. Бұл сөзге шыдамаған азамат оны 41 жерінен пышақпен жарақаттаған. Артынша тәнін дәретханаға жасырып қойған.

Ал әйелінің туысқандарына оның ауруханада жатқанын айтып ақталған. Сот отырысы кезінде прокурор Курашты 18 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен болатын. «Мен не себепті бұлай жасағанымды білмеймін.  Оксананың туысқандарынан кешірім сұраймын. Өзімді еш ақтай алмаймын», – дейді ол.

Аталған басылым оның 17 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады. Мұнымен қатар, ол колонияда жүріп маскүнемдіктен емделетін болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жер алып астероидпен соқтығыса жаздады

Павлодар облысында теміржолды су шайып, пойыздар жаппай кешігіп жатыр

Әшімов: Экраннан ашық көрсетілетін төсек қатынастарын заңмен шектеу керек

2017 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Талқылау