Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкім ірі көлемде пара алып жатып ұсталды (видео)

Ақмола облысы, Атбасар ауданының әкімі Андрей Никишов ірі көлемде пара алу кезінде қолға түсті.

DSC_0002

Ол мемлекеттік сатып алу конкурсы кезінде көмек көрсетемін деп кәсіпкерлерден ақша алмақ болған. Әкімнің пара алуына орынбасары Серкебаев та қолдау танытқан.

31 тамыз күні Никишов пен Серкебаев «ИшимСтройИнвест» ЖШС директоры Бапхоевтан 4 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталған. Аталған серіктестік ауданда жылу құбырлары мен жылу жол жүйесі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс болған.

Белгілі болғандай, әкім мен оның сыбайлас орынбасары аудандық әкімдіктің тапсырысын алған басқа да кәсіпорындардан осылай ақша бопсалап келген. Олар алған параның жалпы көлемі 10 млн теңгені құрады.

Олар көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайда пайдаланып, соның салдарын жоюға бөлінген бюджет қаржысын жымқырудың да сызбасын жасапты. Жол жөндеу, әлеуметтік нысандарды реттеу, өзен жағалауларын тазалау, көпірлерді биіктету, зардап шеккен үйлерді бұзу сынды шаруаларға бөлінген қаражатты заңсыз тиісті компанияларды еншісіне салып, олардан қажетті сыйақыны алып отырған.

2 қыркүйек күні Никишов пен Серкебаев Көкшетау қалалық сотының санкциясымен тұтқынға алынды. Сот алды тексеру жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

ҚР жаңа Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Елбасы сот жүйесі туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Еліміздің жеті облысына жаңадан прокурорлар тағайындалды

Мәсімов, Жақсыбеков, Мұхамедиұлы Астанадағы марафонда жүгірді (фото, видео)

Талқылау