Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 200-ге жуық үй жарықсыз қалғалы тұр

Бір қызығы тұрғындарға комуналдық қызметті білім беретін колледж көрсетіп келген. Енді сол экологтар мен орман шаруашылығы мамандарын даярлайтын колледж бүгін-ертең оларды электр қуатынан ажыратпақ. Өйткені оқу орны үшін коммуналдық қызмет көрсету тиімсіз екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Дегенмен 50 жыл бойы пайдаланған электр желілері бүгінге дейін колледждің де, әкімдіктің де балансында жоқ болып шықты. Бүгін тұрғындар экологтар мен орманшыларды әзірлейтін колледжге оқу мәселесімен емес, коммуналдық түйткілмен келіп тұр. Өйткені мынадай хабарландырулар осы аудандағы әрбір үйдің есігіне ілінген. Электр қуатынан басқа, жылу мен суды да колледжден алатын тұрғындары қыс енді басталғанда осындай әлекке түсеміз деп ойламаған. Олар  коммуналдық қызметті колледж емес, қаланың коммуналдық кәсіпорыны көрсету керектігін айтып  әкімдерге талай барыпты.

“Әкімдікке қаншама хат жаздық. Талай рет бардық та. Прокуратурада да болдық. Бәрібір шешілмеді”, – дейді Щучье қаласының тұрғыны Гүлнәр Қожахметова.

Бірақ тұрғындар электр қуатын тарататын компания бұл қызметті өз иелігіне алса, тарифтің аспандап шыға келетінін білмеген. Киловатына 14 теңгеден төлейтін олар енді 20 теңге 60 тиын болады дегенді естіп, шошып отыр.

Электр қуатын саудаға салуға бәрі құштар болғанмен, оны жеткізетін электр желілері ешкімге тиесілі емес болып шықты. Оның үстіне әбден тозығы жеткен. Соған қарамастан, оқу орны заңсыз пайдаланып келіпті. Электр қуатын таратушы компания өз балансына алатын болса, есептегіш құралдардан бастап жаңарту керек. Сондықтан тарифті өсіруге мүдделіміз,-дейді. Ал білім берудің орнына коммуналдық қызмет көрсетіп, 200 абоненттен ақысын уақытылы жинап алып отырған  оқу орнының басшылары енді бұл қызмет тиімсіз деп тұр.

“Бізге коммуналдық қызмет көрсету тиімсіз. Бұл іспен амал жоқ болған соң айналыстық. Біздің ықшамауданда басқа бу қазандығы жоқ. Сондықтан жылуды да, суды да, тіпті электр қуатын да біз арқылы алды. Бұл желілерді түгел қалаға беру мәселесін мен осыдан 7 жыл бұрын айтқанмын. Бірақ шешілмей келеді”, – дейді Щучье қаласы Экология және орман шаруашылығы колледжінің директоры Владимир Скляров.

Әкімдіктегілер электр желісі мен жылу құбырларын  коммуналдық қызметке тапсыру үшін оны сот арқылы иесіз деп тану керек дейді. Ал оған заң бойынша 1 жыл уақыт керек екен. Ал коммуналдық қызмет көрсетіп отырған оқу орны болса қазірдің өзінде алдағы қысқа жылу мен электр жарығын беруге әзір емеспіз деп отыр.

Тұрғындар оқу орны коммуналдық қызмет көрсеткенімен, желілердегі ақауды жөндеумен айалыспайды дейді. Сондықтан арнайы маманданған коммуналдық кәсіпорындарға берілгені дұрыс деп санайды. Олар осы талапты айтқаны сол еді, Бурабай аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайыргелді Мусин камера алдында жағаласа кетті.


Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда төбелескендерді ажыратпақ болған жігіт пышақ жарақатынан ажал құшты

Көкшетауда көлік жүргізушісі телефонға қараймын деп адам қағып өлтірді

Иран қазақтарының той рәсімі қалай өтеді (видео)

Еліміздегі «Арқалық хабары» газеті латынша жарық көрді

Талқылау