Ақмола облысында 12 жасар қыз анасына есірткі сатуға көмектескен
Ақмола облысында ағылшын тілінің мұғалімі өзінің кәмелетке толмаған қызын есірткі саудасына тартқан.
Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.
Ағымдағы жылдың маусым айында полиция есірткі саудасына қатысты күдікті топты құрықтаған болатын. Санкциялық тінту кезінде жедел қызметкерлер тобы салмағы 16 грамм болатын героин, оған қоса, 182 мың теңге ақша және егу шприцтерін тапқан.
Есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық топтың ұйымдастырушысы – Ақкөл ауданының 30 жасар тұрғынын (мұғалімді) ұстады. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұйымдастырушы және оның көңілдесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу кезінде анықталғандай, 30 жасар әйел өзінің көңілдесімен бірігіп, қылмыстық әрекетке өзінің 12 жасар қызын тартқан. Ол қызын сатып алушының келетіні жайлы телефон арқылы ескертіп отырған.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баламен психологтар жұмыс жасауда. Қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: