Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы ұшақ апаты: Оқиға орнында түсірілген кадрлар пайда болды

Ақмола облысындағы Родина аулынан 10 шақырым жерде болған ұшақ апатының кадрлары пайда болды. 

Ақмола облысындағы ұшақ апаты: Оқиға орнында түсірілген кадрлар пайда болды

Сурет: Sputnik 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға орнында түсірілген суретте апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағының алқап ортасында жатқаны көрінеді.

Ұшақ құлаған аумақ Қазақстандағы танымал «Родина» ауыл шаруашылығы құрылымына тиесілі. 

Ақмола облысындағы ұшақ апаты: Оқиға орнында түсірілген кадрлар пайда болды

Агроферманың басшысы Иван Сауэрдің сөзінше, ұшақ құлаған аумақта ауыл шаруашылық дақылдары егілмейді. 

Еске сала кетсек, бүгін, 20 маусымда, сағат 10:00 шамасында Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты болды. Ан-2 ұшағы құлап, салдарынан ұшқыш көз жұмды. Сонымен қатар экипаждың екі мүшесі зардап шеккен.

Қазіргі уақытта зардап шеккен екі адам өте ауыр жағдайда жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр