Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ құлады

Ақмола облысындағы Родина аулының маңында Ан-2 ұшағы құлады. Ақпаратты ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ құлады

Оқиға бүгін, 20 маусымда, орын алған.

«Сағат 10:00 шамасында Родина аулынан 10 шақырым жерде алқапты химиялық өңдеу барысында Ан-2 ұшағы құлады», - дейді ТЖК өкілі.

Апат салдарынан ұшқыш көз жұмған. Экипаждың екі мүшесі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта ұшақтың құлауының себебі анықталуда. 

Талқылау