Ақмола облысындағы ауыл тұрғындары өз күштерімен көпір салып алған
Фото: time.kz
Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз күштерімен көпір салып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, жыл сайын көктемгі тасқын мен қысқы боран кезінде Сарқырама өзенінің үстіндегі жалғыз өткелді қар басып, су алып кететін көрінеді. Соның салдарынан Сандықтау ауданына қарасты Арбузинка ауылының тұрғындары сыртқы әлемнен оқшау қалып қояды екен. Бұл мәселені жергілікті халық өз күшімен шешуге бел буды.
“Бар болғаны 13 күннің ішінде ауыл тұрғындары мүмкін еместі мүмкін етіп, жаңа көпір салып шықты. Енді көктемде бірер күн еріген судың қайтуын күту жеткілікті, одан кейін өзеннің арғы бетіне қауіпсіз қатынауға болады”, – дейді көпір салуға атсалысқан жергілікті кәсіпкер Абударда Уциев қуанышпен.
"Қорқып қалдық": Семейліктер саңылаулар пайда болған ескі көпірмен жүруден бас тартты
Сандықтаулықтар жаңа көпір өмірлік маңызы бар көлік күре жолына айналады деп сенеді. Сонымен қатар, ол бірлік пен достықтың символы болмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда жарты миллиард теңгеге жөнделген көпір қирай бастағаны туралы жазған едік.

Қазақстандық қыз АҚШ-қа оқуға барып, жүкті екенін білді: Ол қолындағы баласымен Йель университетін бітіріп, Стэнфордқа түскен
