Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады
Ақмола облысында Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағынан өрт шығып, апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап, түгелдей сөндірді.
Төтенше жағдайға қатысты көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын мәлімдеді.
“Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақта өрт тіркелді. Бортта ұшқыш болған. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-ға тиесілі”, – делінген хабарламада.
Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты