Кез келген сәтте өршуі мүмкін: Ақмола облысында сібір жарасының тарауына препараттың жетпеуі себеп болған
Фото: Видеодан скрин
Ақмола облысының бас мал дәрігері Сібір жарасының жаппай таралуына вакцина тапшылығы себеп болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Маусым айында қауіпті инфекцияны бірден 13 адам жұқтырған. Олар ауру малдан зақымдалған. Індет Атбасар ауданында тіркелді. Ауыл тұрғындары ауруханаға жатқызылып, мал өлекселері крематорийге жіберілді. Қазір жағдай тұрақты. Алайда мамандардың айтуынша, кез келген сәтте Сібір жарасының қайта өршу қаупі бар.
19 адам сібір жарасын жұқтырған: Ақмола облысында екі ауыл карантинге жабылды
Облыста шамамен 200 мал қорымы бар екен. Инфекциядан сақтанудың ең сенімді жолы – малға вакцина салу. Бірақ маусымдағы індеттің алдында аймақта препарат жетіспеген. Тіпті екпе жасалған малдың өзі ауырып қалған жағдайлар тіркеліпті. Ветеринарлар вакцинаның сапасыз болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан олар дәрі тапшылығы мен препарат таңдауының дұрыстығын тексеруді сұрап отыр. Ал әзірге жазда індет жайлаған ауылдарда малға қосымша екпе егу жоспарланып отыр.
"Бізде сәуір айынан бастап шошқаларға арналған сібір жарасына қарсы вакцина тапшылығы болды. Мамыр мен маусым айларында ірі қара, ұсақ мал және жылқыларға арналған вакцина мүлде болмады. Вакцинациядан кейін жануарларда иммунитет қалыптасып, олар бұл ауруға шалдықпауға тиіс еді. Алайда алты бас мал қырылып қалды", – дейді Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақмола облысының Атбасар ауданында бірнеше тұрғын сібір жарасын жұқтырғанын растаған еді.

"30 мың теңгеге азық-түлік аламын", "ажырасқандар салық төлесін": Көпшіліктің сынына ұшыраған депутат Ардақ Назаровтың даулы мәлімдемелері
