Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында шенеуніктер қандастардың қоныс аударуына бөлінген қаржыны жымқырған

Бас прокуратура Ақмола облысындағы Целиноград ауданында ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында орын алған құқық бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Бас прокуратураның мәліметінше, Целиноград ауданы прокуратурасы аудандық мансап орталығының қызметіне тексеру жүргізіп, азаматтардың ерікті қоныс аударуын ұйымдастыру заңнамасы талаптарының бұзылғандығын анықтаған.

"Қандастардың өңірдегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алуға арналған материалдық көмекті заң бұзушылықтармен алғаны, сондай-ақ материалдық көмекті жымқыру фактілерінің орын алғанын анықтады. Залалдың жалпы сомасы 20 млн теңгені құрады”, – делінген хабарламада.



Аталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы қандастарға қатысты ірі мөлшерде алаяқтық жасау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркеді. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін Ақмола облысының экономикалық тергеу органдарына жолданды.

Аталған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске салсақ, бұған дейін Антикор қызметкерінің Қытайдан келген қандастан 10 миллион теңге талап етіп, бопсалағаны туралы жазған едік.

Талқылау