Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында психикалық ауытқуы бар ер адам өз отбасын өлтіріп, мәйіттерін бөлшектеп тастаған

Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында психикалық ауытқуы бар ер адам өзінің отбасын өлтіріп, мәйіттерін бөлшектеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Астанадан шамамен 25 шақырым қашықтықтағы Жібек Жолы ауылында болған. Күдікті ер адам өзінің ата-анасын, анасының мүгедек бауырын, сондай-ақ отбасының үйіне демалыс күндері ғана келетін 18 жастағы немересін өлтіріп, мәйіттерін бөлшектеп тастаған.

Көршілердің айтуынша, күдіктінің ата-анасы зейнеткерлер болған, сондай-ақ олардың үйінде анасының мүгедек бауыры тұрған, ал 18 жастағы немересі тек демалыс күндері келіп жүрген, тұрақты түрде отбасымен бірге тұрмаған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, күдікті ер адам бұған дейін психиатриялық ауруханада емделген және шамамен екі жыл бұрын ауруханадан шығарылған. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, үйдің айналасы қоршалған.


Петропавлда теледидар пульті кісі өліміне себеп болды

Павлодар облысында қария екі мәйітті бал және маймен өңдеп, екі жыл бойы үйінде сақтаған


Отбасының туысының айтуыншы, күдікті бала кезінен "ақыл-ой кемістігі" диагнозымен есепте тұрған.

Туысының айтуынша, күдіктінің есімі – Юрий, ол 1983 жылы туған.

"1983 жылы туған ұлы Юра. Үшінші сыныпта оқып жүрген кезінде ақыл-ой кемістігі бар деп танылды. Дәрігерлер оны алып кетуі керек еді. Оған көмек көрсетілуі керек еді. Біздің дәрігерлер олай жұмыс істейді", – дейді отбасының туысы.

Ақмола облыстық полиция департаменті аталмыш кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

“Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда психикалық ауытқуы бар әйел енесін пышақтап өлтіргені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 21:42