Ақмола облысында отбасы мүшелерін өлтіріп, денесін бөлшектеген ер адамның бұрын сотты болғаны анықталды

Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Жібек жолы ауылында болған жантүршігерлік іске қатысты пікір білдірді. Аталған ауылда ер адам өз отбасы мүшелерін өлтіріп, олардың денесін бөлшектеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Бұл дерек бойынша аса ауыр санаттағы қылмыс адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қажет тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Қосымша тергеу шаралары жалғасып жатыр, оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Негізгі тергеу әрекеттері аяқталған соң Ақмола облысының Полиция департаменті арқылы қосымша ақпарат береміз”, – деді министрдің орынбасары.
Ақмола облысында ер адам отбасын өлтіріп, денелерін бөлшектеген: Туыстары күдікті жайлы айтып берді
Журналистер күдіктінің бұрын есепте тұрған-тұрмағанын және қанша адам қаза тапқанын да сұрады. Әділов қазір тергеу жалғасып жатқанын және әзірге мұндай мәліметтер жария етілмейтінін айтты.
“Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Күдіктінің бұрын сотталғанын айта аламын. Сот шешімімен ол екі айға қамауға алынды. Оқиға орнында үшінші тәулік бойы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр”, – деді Әділов.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында бір отбасының жантүршігерлік өлімі туралы ақпарат тарады. Кейін полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген