Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мектеп бітіру кешінен кейін түлекті соққыға жығып кеткен

Фото: Freepik.com

Ақмола облысындағы Ақкөлде мектеп бітіру кешінен кейін 18 жастағы жігітке белгісіз екі адам шабуыл жасады. Анасының айтуынша, олар кәмелетке толған мас ер адамдар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғадан кейін жігіт ауруханаға жатқызылды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түлектің соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растап, бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын түсіндірді.


Алматы облысында жасөспірімдер неге зорлықпен қаза табуда: Жаға ұстатқан оқиғалар хроникасы


"Қызға араша түсті": Алматы облысында мектеп бітіру кешінде мерт болған 11-сынып оқушысының жақындары жағдай туралы айтып берді


“Мектеп бітіру кешінде сыныптасын өлтірген”: Алматы облысында қайғылы оқиға болған үйдің видеосы тарады


"Арыз түскен күні Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушысы дереу анықталып, жауап алынды", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Басқарма қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын қосты. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салайық, Алматы облысында мектеп оқушысын құрдасы өлтірді деген күдікке ілінді. Облыстық полицияның мәліметінше, бала 11-сынып оқыған. Қаскелеңде түлектер мектеп бітіруін атап өтпек болып, кеш ұйымдастырған. Кеш үшін ата-аналары оларға коттедж жалдап берген.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 29 Маусым, 2025 17:36
Талқылау