Ақмола облысында мектеп автобусы 10 жастағы қызды басып кеткен
Ақмола облысында 10 жастағы қыз мектеп автобусының қағып кетуі салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 19 ақпан күні Қараөткел ауылындағы IT-мектептің аумағында болған.
"Мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелетке толмаған қызды басып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Қазір аталмыш факті бойынша полиция тергеу жүргізуде", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде мектеп автобусының жүргізушісі 7 жасар баланы басып өлтіргені туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"