Шетелдік "заңдағы ұрылардың" қолшоқпарлары Бурабайдағы бизнесті бақыламақ болған – ҰҚК
Ақмола облысында “Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан екі тұрғын ұсталды. Олар қарумен кәсіпкерлерді бопсалап, ақша алып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар шетелдік "заңдағы ұрылар" деп аталатындардың қамқорлығымен әрекет еткен.
“Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды