Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда банк қызметкерлері адамдарды ұрлап, оларға 3,7 миллиард теңге несие рәсімдеген

қылмыстық топ Фото: Светлана Маковеева

Ақмола облысында әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына несие рәсімдеді деп күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты атышулы істің тергеуі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының және бірқатар банктердің ("Kaspi Bank", "ForteBank", "Еуразиялық Банк", "Jusan bank") қызметкерлері болған. Олардың қатысуымен 5 жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған.

348 азамат қылмыстың құрбаны болған. Келтірілген шығын көлемі 3,7 миллиард теңге болған. 

Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды. Олар Алматы қаласындағы пәтерлермен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленгеннің жалпы құны – 2,7 миллиард теңге.

Топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді, түпкілікті шешімді сот шығарады.

Сондай-ақ прокуратура халықты алаяқтарға сенбеуге шақырды. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 11:40
Талқылау