Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкесі мен қызын толқын көлге әкетті

Ақмола облысында әкесі мен қызын толқын көлге әкетті. Құтқарушылар 52 жастағы ер адам мен оның 14 жастағы қызын бір сағаттан кейін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, оқыс оқиға Аршалы ауданы, Үлкен Сарыоба көлінде, апатты жағажайда болған.

"Екі отбасыдан тұратын адамдар тобы көл жағасында демалған. Кәмелетке толмаған екі бала көлге шомылады. Алайда секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқыған желд 14 жастағы қызды үрлемелі дөңгелегімен бірге жағажайдан әкеткен. Оны байқаған қыздың әкесі үрлемелі дөңгелекті алып, өздігінен құтұқармақ болған. Алайда толқын оны басқа жаққа алып кетті", - деп хабарланды аймақтық ТЖД-дан. 

Іздеуге "Сарыоба" демалыс орнының бес қоғамдық құтқарушысы кірісті. Алайда іздеу кезінде қайықтың моторы сөніп қалды. Құтқарушылар біраз уақыт қыз бен оның әкесін бинокль арқылы бақылап отырды. 



Қызды құтқару операциясы сәтсіз аяқталғандықтан, куәгерлер 112 нөміріне хабарласып, болған жайтты баяндады. 

Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық жедел-құтқару отрядының қызметкерлері келіп жетті. Олар тез арада іздеуге кірісіп, алдымен 1970 жылы туған ер адамды, ал 13 минуттан кейін 14 жастағы қызды жағажайдан үш шақырым жерден тапты. 

Ұзақ уақыт суда болғанына қарамастан, қызға да, оның әкесіне де медициналық көмек қажет болған жоқ. 
 

Талқылау