Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қызды пышақтап кетті

Ақмола облысы Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Жасөспірінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті адам өлімі бойынша қылмстық іс қозғалғанын мәлімеді.
“Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Күдіктінің жеке басы жедел анықталды. Қазір оны тез арада ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеудің барысын полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алды.
Көп ұзамай полиция жасөспірімді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.
“Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып кетпек болған, алайда ол ізін суытпай ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"