Ақмола облысында 13 жастағы жасөспірім жұмбақ жағдайда көз жұмды

Фото: Pixabay.com
Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Қызылсай ауылында 13 жастағы жасөспірім жұмбақ жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 2 шілдеде болды. 13 жастағы жасөспірімнің туыстары оның денесін жазғы асханадан тапты. Полиция не болғанын анықтап жатыр.
Ақмола облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Семейде жұмбақ жағдайда жоғалған 47 жастағы ер адам бір жарым айдан бері табылмай жатыр
"Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", – деп хабарлады полиция.
Қайғылы оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Жасөспірім улы түтінмен улануы мүмкін.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған